Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағанды облысында тәрбиеші баланы не үшін көрпемен тұншықтырғанын түсіндірді

Қарағанды облысында тәрбиеші баланы не үшін көрпемен тұншықтырғанын түсіндірді

Қарағанды облысында баланы көрпемен тұншықтырған тәрбиеші кәнісін мойындады. Кішкентай баланы тұншықтырған тәрбиеші тергеушілерге қызды ұйықтатуға тырысқанын айтып, ақталды.


Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті тергеу амалдарының қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді. Видеодағы әйел шын мәнінде Теміртаудағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Жазба осы жылдың мамыр айында түсірілген. Тәрбиешінің әрекетін видеоға түсіріп алған бала күтуші оны тек қазір ғана желіге жариялап отыр.
«Видеодағы 50 жастағы әйел балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Ол қызды ұйықтата алмағандықтан осындай әрекетке барғанын мойындады. Айтуынша, бүлдіршін төсекте секіріп, тыңдамай қойған көрінеді. Сол себептен, тәрбиеші қызды көрпеген басып, ұстап тұрған. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланың ата-анасын табылды, олар тәрбиешінің үстінен арыз жазды», – деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Қазір «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу кезінде міндетін дұрыс орындамау» бабына сәйкес алдын-ала тергеу жүргізілуде. Әйелді қандай жаза күтіп тұр, ол жағы әзірше белгісіз.
Айта кетейік, Теміртауда балабақша тәрбиешісінің жылаған баланы көрпемен тұншықтырғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.
Stan.kz
28 тамыз 2018 ж. 1 212 0