Қызылордалық сылақшы Гүлмайдан Серікбай үлкен сахнаға шықты

"Ғаламтор мен онда отырған адамдардың күші қандай керемет десеңізші?! Осыдан үш күндей бұрын ғана желіде бөлмені сылап, ән айтып жатқан қыздың видеосы тарады. Менің құрметті оқырмандарым дайректке видеоны жібере бастады.
Мен де көп ойланбай, қызды іздеп, Дәулетке (@dauletten) жаздым. Ол да бірден жауап беріп, нөмірін берді", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Ол нағыз кәсіби мамандар іске кіріскен кезде не нәрсенің болса да оңай шешілетінін атап өтті. Тректі жазуға продюсер Бағым Мақсатқызы атсалысқан.
Өз кезегінде Гүлмайдан осы уақытқа дейін әншілерді тек сырт келбетіне қарап бағалап келгенін, ол ісіне өкінетінін айтты. Ол әнші болудың қандай үлкен еңбек екенін түсінген.
"Дәл бүгіннен бастап әншінің, әртістің, актердің,түріне емес, талантына мән беретін болдым. Сахна әдемілікті, үлкен еңбекті талап ететінін түсіндім! Үстімдегі көйлекті арнайы маған таңдап, қанша күн образ іздегенін көрсеңіз ғой?!
Және де кешеден бері айтып жатқаным ол – прозрачный емес! Түсі дененің түсіндей көйлек.
Мендегі образ қандай әдемі болғанын көрсеңіз ғой, шіркін... "Халықтың сүйіктісіне" айналдың ғой деп, мен үшін қалай жүгіріп, дайындалғанын көрсеңіз ғой.
Сондағысы: “Дана, сен әдемі болу керексің, себебі сені жақсы көріп, қолдайтын тыңдарманың” үшін деді! Менің әдемі болуыма атсалысқан барша ұжымға алғысым шексіз", – деп жазды ол.