Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Баршаның назарына!» тұрғындарды құлақтандырудың бірыңғай дабылы

«Баршаның назарына!» тұрғындарды құлақтандырудың бірыңғай дабылы

Құрметті Қызылорда облысы және Қызылорда қаласы тұрғындары мен қонақтары!Ағымдағы жылғы 21 желтоқсаны азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне Республикалық тексеру жүргізіледі.
Құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізу кезінде алаңдаушылық тудырмай, тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз.
«Баршаның назарына!» - бұл ескерту дабылы. Бұл дабыл  авариялар, зілзалалар, табиғи апаттар, қарсыластардың шабуыл қаупі туралы тұрғындардың назарын аударту мақсатында беріледі. Дабыл сиренаны, үзіліп шығатын дыбыс (гудок), көліктегі және басқа да құралдардағы дауыс зорайтқыштарды қосу арқылы беріледі. Дабыл берілген кездегі халықтың іс-әрекеті: сиренаны, үзіліп шығатын дыбысты (гудок) немесе т.б. естіген кезде тез арада радионы, теледидарды қосып, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің іс-әрекет тәртібі туралы хабарламасын тыңдаңыздар. Алынған ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, естіген іс-әрекет тәртібі бойынша әрекет етіңіздер.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті
20 желтоқсан 2021 ж. 697 0