Қызылордада тоқ сымдарын ұрлаған қала тұрғындары қолға түсті
Қызылорда қаласында ірі завод ғимаратына тиесілі қабырғаларға жүргізетін тоқ сымдарын ұрлап кеткен күдіктілер қолға түсті. Олар мекемеге 800 мың теңге шығын келтірген.
«Аталған дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2 бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша іс тіркелді. Ақсайлық полицейлер оқиға орнына толық құрамда шығып, қылмысты ашуға бағытталған барлық шараларды жүргізді. Айналаны бір шолып, күдік тудырған аймақтардың барлығын жіті бақылады», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде екі күдікті қолға түсті. Олар 23 жастағы азаматтар болып шықты. Аз уақыттың ішінде ұсталған күдіктілер басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
kyzylorda-news.kz