Қызылорда: Аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған атыраулықтар ұсталды

Жедел-тергеу тобымен тексеру жүргізіліп, аталған автокөліктің салонында аса ірі мөлшердегі есірткі заттары заңсыз сақталғаны анықталып, тәркіленген және бұл қылмысқа қатысы бар үш күдікті құрықталған.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер қамаққа алынды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
kyzylorda-news.kz