Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СУБСИДИЯЛАУ: ашық және әділ жүйе қажет

СУБСИДИЯЛАУ: ашық және әділ жүйе қажет

Еліміздің соңғы жылдағы даму стратегиясында ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басым бағыттарының бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттік бағдарламасымен бірнеше міндет қарастырылған, олардың арасында маңыздыларының бірі  – ауыл аумақтарын дамыту, өткізу нарығының қолжетімділігін қамтамасыз ету және экспортты дамыту.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы шеңберінде еліміздің агроөнеркәсіп кешені алдына еңбек өнімділігін түбегейлі ұлғайту және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 жыл ішінде ең төмен дегенде 2,5 есеге өсіру мақсаты қойылған. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылық салаларын дамыту үшін маңызды жағдайды қамтамасыз етеді.
Осы салаға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатқан Агенттік төрағасы - «Егер жалпы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 960 қылмыс тіркелген болса, олардың жартысынан астамы (54%) субсидия жымқыруға қатысты. Жүргізілген талдау бюджет қаражатын бақылаусыз пайдаланудың өрескел фактілерін, көптеген сыбайлас жемқорлық схемалары мен субсидияларды ұрлау тәсілдерін ашқандығын атап өтіп», ендігі кезекте осы салада күрделі реформалар жүргізу қажеттігін басты назарға ұсынған болатын.
Жыл басынан Республика аумағында түрлі сала басшыларының қатысуымен ауыл шаруашылығы өнім берушілерімен бірқатар кездесулер өтседе, бүгінгі таңда Антикор 60-тан аса қылмыстық іс қозғап, тергеуде.
Осы орайда,   мемлекеттік қолдау есебінен азаматтардың заңсыз баю схемалары, фермерлерді алаяқтық жолмен алдау фактілері, субсидия алудың тәсілдері туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында фермерлерді, ауыл шаруашылығы өндірушілерін ақпараттандыру мақсатында аудан әкімдіктерінде аудан тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғ.Әлімқұлова және департаменттің превенция басқармасының басшысы Н.Оспанов, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлзімдерінің басшылары,  кәсіпкерлер палатасының филиал директорлары, «Нұр Отан» «Ауыл» партияларының өкілдері, фермерлер, ауыл шаруашылығы өндірушілері, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында аудандарда агроөнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар, кәсіпкерлер Палатасы тарапынан жеткен жетістіктер туралы кеңінен баяндама жасалды.
Өз кезегінде департаменттің Превенция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Ғ.Әлімқұлова Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына Департаменттің бастамасымен өңірлік ауыл шаруашлығы басқармасы мен бөлімдеріне жүргізіліп жатқан сыртқы талдау аясында қызмет алушыларға яғни ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге  қолайлы жағдай жасау мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында   19 ұсыным енгізілгендігін     Сонымен қатар, ағымдағы жылы  Департамент қызметкерлерімен ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларына  қатысты, бюджет қаражатын жымқыру және негізсіз субсидия төлеу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде екендігін атап айтқанда, облыстық ауыл шаруашылық саласының тұлғалары «2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркесіптік кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялар түрінде мемлекеттік бюджеттен бөлінген жалпы сомасы 1 600 000 теңге бюджет қаражатын жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шарушалығы шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету бойынша шаруа қожалықпен нақты орындалмаған жұмыс көлемін растау жолымен ысырап ету фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Ағымдағы жылы елдің агроқұрылымдарын дамытуға жарты триллион теңге қаражат игерілгендігі туралы сала басшылары хабарлауда. Алайда бұл қаражаттың игерілуінің тауар өндірушілерге ешқандай тиімділігі болмағандығы анықталды.
Атап айтқанда, осы қаражатқа алынуы қажет күн батареяларының мақсатты пайдаланылмайтындығы анықталып, жарты қаражаты мүлде басқа бағыттарға игерілгендігі мәлім болды.
Агенттіктің Превенция қызметімен жүргізіліп жатқан сыртқы талдау аясында субсидиялаудың қолданыстағы ақпараттық жүйелердің (Qoldau, Plem.kz) жетілмегендігі, өтінімді беру және мақұлдау үдерісі ашық емес, базалардың өздерін пайдалану қиындығы, бұл ауыл шаруашылық саласының өкілдеріне өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндігі анық болды.
Сондай-ақ ИӨС ақпараттық жүйелерінің кемшіліктері ауыл шаруашылығы жануарларының санымен, түрімен және жасымен әртүрлі манипуляциялар жүргізуге мүмкіндік береді, бұл бір мал басын, ал кейбір жағдайларда тіпті жоқ мал басын бірнеше рет субсидиялауға мүмкіндік беріп келген.
Талдау қорытындысымен,  қолданыстағы ақпараттық жүйелерді интеграцияланға, ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында өзгерістер орын алуда.
Бұл ретте, ауылдық жерлердегі азаматтардың әл-ауқаты агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына тікелей әсер ететіндігінде ұмытпаған жөн. Осы салада басталғалы жатқан өзгерістердің барлығына жұртшылық пен фермерлердішынайы жұмылдыру қажет, олар өз ұсыныстарын білдіріп, сол ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты формальді түрде жасауға болмайды деп есептеймін.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын одан әрі болдырмау үшін:
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қырағы болуға және бөгде адамдарға ЭЦҚ бермеуге, қылмыстық схемаларға тартылмауға, "жеңіл" ақша алу үшін заңсызіс-әрекеттерді жүзеге асырмауға тиіс.
Біз жымқыру барлық схемаларын білеміз, Әрбір заңсыз әрекет үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидаты бойынша қатаң шаралар қабылданатын болады.
Осы салада жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың қорытындысы агроөнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпкерлерді субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізетіндігі сөзсіз екендігін айтқым келеді.
Сөз соңында Еліміздің даму стратегия басым бағыттарының бірі агроөнеркәсіптік кешені екендігін басты наразға ұсына отырып, осы саланы өрбітуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамын.
Қозбағарова Жанар Жалғасбаевна,
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы
29 желтоқсан 2021 ж. 327 0