Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда онлайн сауданың құны шарықтауы мүмкін

Қазақстанда онлайн сауданың құны шарықтауы мүмкін

1 қаңтардан бастап Қазақстанда «Google салығын» әкімшілендіру жұмысы мықтап қолға алынбақ. Енді шетелден тапсырыспен келетін тауарларға 12 пайыздық салық салынатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Деректерге сенсек, цифрлық салық қазақстандықтарға электронды қызметтер мен веб-сайттар арқылы тауарлар мен цифрлық қызметтерді сататын шетелдік компанияларға арнайы енгізілмек.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке зер салсақ, жаңа салық қазақстандықтарға тауарлар немесе электронды қызмет жасаған жағдайда барлық шетелдік интернет-компанияға әсер етеді.
31 желтоқсан 2021 ж. 443 0