Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қант диабетімен ауыратын адамға ішімдік ішуге бола ма?

Қант диабетімен ауыратын адамға ішімдік ішуге бола ма?

Мамандар 2 типті қант диабетімен ауыратын он мыңнан астам адамға зерттеу жұмысын жүргізеді. Таңдалған науқастардың орташа жасы 63 жас, олардың 61%-ы ер адамдар. Осы уақытқа дейінгі зерттеулерде ғалымдар алкогольді тұтыну мен гипертония (қан қысымы) арасындағы байланысты анықтаған болатын. Бірақ бұл қант диабетімен ауыратындарға қатысты эксперимент алғаш рет жүргізілді.

Қатысушылар тұтынылатын алкоголь мөлшеріне қарай төрт топқа бөлінді: негізінен ішпейтіндер, сирек ішетіндер (аптасына 1-7 сусын), қалыпты ішетіндер (аптасына 8-14 сусын) және жиі ішетіндер (15 және одан да көп).  Алкогольді ұсыну арқылы зерттеу авторлары 350 грамм сыраның, 140 грамм шараптың немесе 40 грамм градусы жоғары алкоголь ұсынған.

Зерттеуге қатысушылардың қан қысымы темекі шегу, семіздік немесе жоғары холестерин сияқты қосымша қауіп факторларын ескере отырып өлшенді. Қатысушылар қан қысымына қарсы қандай да бір дәрі қабылдаған болса, ғалымдар сәйкесінше түзетулер енгізді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жеңіл алкогольді тұтыну қан қысымының жоғарылауына әсер етпейді.

Алкогольді қалыпты мөлшерде тұтыну қан қысымының жоғарылау қаупін 79%, бірінші дәрежелі гипертонияның даму қаупін 66%, екінші дәрежелі 62% және шамадан тыс ішу сәйкесінше 91% арттырады. Қан қысымы америкалық кардиологиялық өлшем шкаласы бойынша бағаланды: 120/80 төмен – қалыпты, 120-130/80 – жоғары, 130-140/80-90 – бірінші дәрежелі гипертензия, 140/90 жоғары – екінші дәрежелі гипертензия.

Осылайша, аптасына сегіз немесе одан да көп алкогольді ішу қант диабетімен ауыратын адамдарда гипертонияның даму қаупін айтарлықтай арттыратыны белгілі болды. Ғалымдар диабетиктерге өмір салтын өзгертуге және алкогольді тұтынуды азайтуға кеңес береді. Әсіресе 2 типті қант диабеті бар адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі алкоголь салдарынан жоғарылай түсетіні белгілі болған.
massaget.kz​​​
03 қаңтар 2022 ж. 588 0