Ертең қар жауып, жел күшейеді
Қазгидрометтің синоптиктері 2022 жылдың 6-8 қаңтарында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.
6 қаңтардан бастап Скандинавия аумағынан келетін кезекті циклон еліміздің басым бөлігінде ауа райына әсер етіп, жауын-шашын әкеледі, негізінен қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтеріледі деп болжанып отыр.
Алдағы үш күнде Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Республиканың батысы мен солтүстік-батысында термометр бағаны түнде 0 – минус 8-ге дейін, солтүстік пен орталықта минус 5-15 градусқа дейін көтеріледі.
kyzylorda-news.kz