Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 9-11 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.
Синоптиктер болжамына сәйкес, батыс, солтүстік-батыс пен солтүстіктің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.
Тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деген болжам жасалды.
11 қарашадан бастап ауа температурасы батыс, солтүстік-батыста түнде -10…0°C аязға дейін, күндіз -5…+5 °C жылыға дейін төмендейді. Оңтүстік-батыста түнде +2…+7°C жылы, күндіз +5…+10°C жылы болады.
Солтүстікте -2…+3°C-қа дейін жетеді.
Республиканың қалған аумағында жауын-шашын жаумайды, күндіз ауа температурасы +5…+15°C дейін көтеріледі.

Жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.

Елордада 9 қарашада күн ашық, түнде -2°C, күндіз +5°C жылы. Сәрсенбіде күн бұлтты, түнде -2°C, күндіз +4°C жылы. 11 қарашада қар жауады, түнде -1°C, күндіз +3°C болады.

Алматыда сейсенбіде күн бұлтты, түнде 0°C, күндіз +8°C жылы. 10-11 қарашада күн ашық, түнде 0…+2°C жылы, күндіз +8°C көрсетеді.

Шымкентте 9 қарашада күн бұлтты, түнде +3°C, күндіз +13°C жылы. 10-11 қарашада түнде -1…+1°C болса, күндіз +13…+15°C болады.

Kyzylorda-news.kz.
09 қараша 2021 ж. 543 0