25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Батыс пен солтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста көктайғақ, солтүстік және солтүстік-батыста қар жауады, деп хабарлайды Казгидромет.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде қар жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Алматыда күндіз 8° күн ашық, Нұр Султанда күндіз -7°, аздап бұлтты болады.