Қызылордада тәртіп бұзған 365 азамат ұсталды
Төтенше жағдай режиміне байланысты облыстық полиция департаментінде жедел-штаб жұмыс жасауда. Бүгінде 365 азамат полиция органдарына жеткізілді.
«Ахуалға байланысты бірыңғай 1414 Call-орталығы 7 қаңтардан бері жұмыс істеп тұр. Осы аралықта өңірде 4432 қоңырау түскен. Қоңыраулардың басым бөлігі авиа-жд билеттерді алу немесе қайтару, интернеттерді қосу туралы бағытында қойылды. Өңірде азық-түлік қорында тапшылық жоқ. 34 әлеуметтік дүкен қалыпты жұмыс істеуде. Тұрақтандыру қорының қоймасында 1448 тонна өнім сақтаулы. Апта сайын 120 автокөлік Түркістан қаласынан азық-түлік тауарларын тасымалдайды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Тұрмыстық тіршілікке қажетті газ, бензин қорында дажетіспеушілік жоқ. Қазіргі таңда сұйытылған газ бағасы 60-65 теңгеден, АИ-92 180 теңгеден, дизель 229 теңге.
Шағын және орта бизнес иелері де қалыпты жұмысты бастады. Бүгінде 17 базар, 89 ірі сауда үйлері, 129 АЗС, 359 дәріхана желілері мен азық-түлік дүкендері жұмыс жасап тұр.
Айта кетейік, 5 қаңтардан бүгінгі күнге дейін 204 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның 48-і ауруханаға жатқызылды. 13-і жан сақтау бөлімінде емделуде.
kyzylorda-news.kz