Қызылордада сарбаздың өліміне қатысы бар азамат ұсталды

Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 15) тармағымен (жаппай тәртіпсіздік барысында адам өлтіру) және Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен (басқа адамдардың өміріне қауіп төндіріп әскери қызметшіні қазаға ұшырату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде жас сарбаздың өліміне қатысы бар 31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Бүгінгі күні, іс бойынша тергеу жалғасуда және өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды.
kyzylorda-news.kz