Қызылордада бірнеше үйді тонаған ұры ұсталды

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігінің 3 – тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
kyzylorda-news.kz