Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Артық салмақтан арылудың 6 жолы

Артық салмақтан арылудың 6 жолы

Диетологтар Рональд Смит пен Билл Брэдли көп күш жұмсамай, артық салмақтан арылудың 6 қарапайым әрі нәтижелі ережесін атады. Мамандардың байламын Eat This, Not That! басылымы жариялады.

Смит қатаң диета ұстап, әр кесекті қадағалап отыру тым ауыр екенін айтады. Оның орнын бірнеше ережеден тұратын кешенді әрекеттермен алмастыруды ұсынды.

Біріншіден, көп мөлшерде су ішу маңызды. Тамақ ішер алдында бір шыны су ішу қарынды тез тойдырады. Соның арқасында тамақты да мөлшерден асырмайсыз.

Диетолог Билл Брэдлидің айтуынша, күні бойы аздаған ашығу сезімімен жүру – артық салмақпен күресудің тиімді жолы.
"Осы ереже ең қиыны бола ма деп ойлап едім, керісінше ең жеңілі болып шықты. Бастысы – калорияларды санау емес, тойып жеу әдетінен арылу", – деді ол.

Брэдли бұрындары күннің екінші жартысында тәтті жегенді ұнатқанын мойындады. Кейін оны алмамен алмастырған.
Арықтау үшін тағы бір маңызды ереже – таңғы асты үзбей ішу. Смиттің айтуынша, ағза ұзақ уақыт бойы тамақсыз қалса, май жинай бастайды.

Қандай өнімдер ұйқысыздыққа шалдықтыруы мүмкін – Диетолог жауап берді
Жұмыста жүргенде "омикроннан" қалай сақтануға болады? Иммунолог түсіндірді
"Бұл айла арқылы миыңыз шын мәнінде жегеніңізден көп жедіңіз деп ойлайды", – дейді Смит.

Ол аз мөлшердегі тағам үлкен көлемді болып көріну үшін шағын тәрелкелерді қолдануға кеңес берді.

Сондай-ақ диетологтар балансты мәзір құру үшін жерорта теңіздік диетаны мысал ретінде алуға кеңес берді. Ол бойынша, адам жеміс пен көкөністерді, жаңғақтар мен бұршақ тұқымдастарды, рафинадталмаған зәйтүн майы мен балықты көптеп тұтынады. Құрамында қанық майлар бар өнімдерді: ет, құс пен сүт өнімдерін азайтады.

stan.kz​​​
21 қаңтар 2022 ж. 441 0