«Қазақстан Темір жолы» қызметкерлерінің жалақысы өсті

Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Ұлттық компания директорлар кеңесінің отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
«Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарын іске асыру қолға алынды;
ұлттық компанияның жаңа құрылымы бекітілді;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл мақсатқа компания 70 млрд теңге бөлді.