Қызылордада биыл оқшаулану тәртібін бұзған 49 адам анықталды

«Жыл басынан бері облыс көлемінде «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 49 адам белгілі болды. Оның ішінде 48-і адам «қызыл», біреуі «сары» мәртебеге ие. Бұл бойынша «қызыл» мәртебедегі адамдарға тиісті айыппұл салынып, «сары» мәртебедегілерге оқшаулану тәртібін сақтау жөнінде хаттама берілді», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Сондай-ақ облыста қазір 167 мониторингтік топ жұмыс істейді. Жыл басынан бері топ мүшелері 48 мәрте рейд жүргізді. Рейд барысында 196 нысан қамтылды.
kyzylorda-news.kz