Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада абысынына берген баласын қайтарып алу үшін сотқа жүгінді

Қызылордада абысынына берген баласын қайтарып алу үшін сотқа жүгінді

Қызылорда облысында шиеленіскен оқиғадан соң екі отбасы бірден сотқа келді. Биологиялық ата-ана мен баланы асырап алушы ата-ана төрт жасар балаға өз құқықтарын дәлелдемек. Бұл туралы “Евразия бірінші” арнасы хабарлайды.

4 жасар баланы қазақ әдет-ғұрпы бойынша жақын туыстарына – баласыз ерлі-зайыптыларға асырап алуға берген. Бірақ қазір ата-ана баланы қайтарғысы келеді.
Гүлназ Төребаева – баланың туған анасы. Оның бес баласы бар.  Мейіржан үшінші баласы. Ал күйеуінің інісінің баласы болмаған. Дәрігерлер әйелі ауырғандықтан ешқашан бала көтере алмайды деп кесіп айтқан.
Жас отбасын сақтап қалу үшін ағасы мен жеңгесі оларға баласын береді. Гүлназ уайымдап қиналғанымен қазақтың әдет-ғұрпына сай әрекет етті. Адамгершілікке салды. Жаңадан бала асырап алған ата-аналар көп бірге тұрған жоқ. Екі жаққа кеткенде бала екі жақты болып қалған. Баланы асырап алған анаға берді. Ал ол ұлын ата-анасына қайтарудан бас тартқан.
Баланың анасы да, әжесі де, асырап алған анасы да баланы қайтарып алғысы келеді. Алайда кетіп қалған әйел ұлын ешкімге бермейтінін айтқан. 
“Әркімнің өз ойы бар. Күйеуім маған адал болған жоқ. Мен ондай отбасында тұрғым келмейді. Сол үшін кеттім. Ал баланы мен 4 жыл бақтым. Оның анасы болдым. Бауыр бастым. Менің оған құқығым бар. Бәрін заң шешсін. Мен берілмеймін. Баламды ешкімге бермеймін”, – деді асырап алушы әйел.
“Ол маған дейін де некеде болған екен. Бірақ маған ол туралы айтқан жоқ. Оның ажырасу деген арманы болды. Енді баланы алып кетті. Әлі заң жүзінде ажырасқан жоқпыз”, – дейді баланың асырап алған әкесі.
Келесі апта бұл істі сотта қарайды. Екі жақтың да жағдайы қиын болғанымен, сот бір шешім шығарар анық. 

stan.kz
06 ақпан 2022 ж. 515 0