"Ол күн туады": Ақбота Керімбекова жетімдер үйінен бала асырап алғысы келеді

Ақбота Керімбекованың өзі де бала асырап алудан кетәрі емес. Тіпті өнер иесі өз ұлдарына жағдай жасағаннан кейін, бірнеше баланы қанатының астына алатын ойы бар екен. Баланың кінәсі жоқ дейді өнер жұлдызы.
"Менің де арманым. Бәріміз сол жағдайға қараймыз ғой. Балаларды кішкене жетілдіріп алсам, бірнеше бала асырап алуды армандаймын. Жүрегің ауырады, шыны керек. Алла басқа салмасын", - деп өкініш білдірді өнер иесі.