"Құдай қаласа, күтіп отырмыз": Ақбота Керімбекова қандай әже болатынын айтып берді
![](/uploads/posts/2019-06/medium/1561438135_news_full156143787057f6aab60057a4f366c68286b20e87f8.jpg)
Ұлы мен келіні қазір әжесімен бірге тұратын көрінеді. Соған қарағанда, өнер иесі әлі ене болып, келін тәрбиелеп үлгермеген. Тек әзірге ұлының әйелінің тамағы мен шайына қанағат жасап жүр. Ақбота Керімбекова үшін балаларының бақытынан өзгесі маңызды емес.
"Келіннің шайын, тамағын ішеміз. Бала мен келін апасымен бірге тұрады. Мен бөлек тұрамын. Қонаққа барып тұрамын. Бала мен келіннің өз өмірлері, көп араласа бермеймін. Бізге екеуі бақытты болғаны маңызды", - дейді Ақбота Керімбекова.