Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әншілер қыз ұзатқаны үшін қанша алады?

Әншілер қыз ұзатқаны үшін қанша алады?

Қыз ұзатуды сәнге айналдырған шоу-бизнес өкілдері бұл қызметі үшін қомақты ақша талап ететін болып шықты. Өнер иелерінің арасында ең арзан бағаға қыз ұзататыны — Ақбота Керімбекова екен.
Жақында ғана келінді болған Керімбекова қыз ұзату үшін 370 мың теңгеқаламақы сұрайды. Әзірге өнер әлемінде қыз ұзатқаны үшін ең аз гонорар талап ететін әнші — Ақбота Керімбекова болып тұр.
Алматыдан Астанаға қоныс аударған әншінің бір қызды ұзатып салуы — 450 мың теңге тұрады.
Ал Салтанат Бақаева мен Сиви Махмуди қыз ұзату құнын бірдей қылып белгілеген.
Яғни жоғарыдаға өнер иелерінің қаламақысы — 750 мың теңге.
«Айта берсіннің» мәліметіне сүйенсек, Салтанат Бақаева бір айда онға жуық қызды құтты орнына қондырады.
Сиви Махмуди қыздарды көпшіліктің көңіліне қарап ұзататынын жеткізді.
«Жалпы мен адамның көңіліне қараймын. Көбісі «Сіздің жолыңызды берсін. Сіз сияқты бақытты болсын» деп ырымдап жатады. Сондықтан мен «Жоқ» дей алмаймын. Қолдан келгенше баруға тырысамын», — дейді Сиви Махмуди.
Тамара Асардың қыз ұзату құны — 1 млн 200 мың теңге. Әнші қыз ұзатуға арналған әндердің репертуарында өте көп екенін де айта кетті.
«Қыз ұзату» тойына арналған әндер өте көп. Ең алғашқы әнді өзім шығардым. «Көзімнің ақ пен қарасы», «Алақаннан ұшқан аққуым», «Ақ баян» секілді әндерім бар. Өзімнің ұзатылуымда «Ақ баянды» қосып қойғанбыз», — деді әнші.
Талай қызды ұзатып жүрген Жазира Байырбекованың қаламақысы — 3 мың АҚШ доллары.
Мәліметке сүйенсек, әнші гонорарды тойға дейін алдын-ала шотына аударуды талап етеді.
qaa.kz
11 наурыз 2019 ж. 1 962 0