Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет

Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет

Мемлекеттік қызмет атқару мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойып, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады.
 Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға міндетті. Өөзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу керек.
Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуы тиіс. Қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға,  құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге, оларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермегені жөн.
Мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды және өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға тиіс. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу керек. Сонымен қатар, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс. Адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы қажет.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеугі керек. Қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерден аулақ болғаны дұрыс.
Мемлекеттік органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, әдеп Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

Гүлмейрам СМАҒҰЛОВА, 
«Жақсықылыш кенті әкімінің аппараты» КММ- нің жетекші маманы
17 ақпан 2022 ж. 620 0