Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус шектеулерін алып тастады

Коронавирус шектеулерін алып тастады

Швейцария, Германия, Аустрия елдерімен қатар коронавирус пандемиясына байланысты барлық шектеулерді алып тастады.

Бейсенбіден бастап дүкендерге, мейрамханаларға, мәдени мекемелерге және іс-шараларға бетпердесіз немесе COVID сертификатынсыз баруға болады. Сондай-ақ жұмыс орнында маскаларды міндетті түрде кию және үйден жұмыс істеу туралы ұсынымдар алынып тасталатыны алдын ала хабарланған.

Сонымен қатар Швейцарияға келетін адамдарға вакцина салдырғаны, ауру немесе коронавирусқа теріс сынақ туралы растау құжаты қажет емес.

Одан бөлек 31 наурызға дейін қоғамдық көліктерде қорғаныс құралдарын пайдалану және оң COVID-19 сынағы бар адамдар үшін бес күндік оқшаулау туралы талап күшіне енетіні атап өтілді. Швейцарияның қалыпты өмірге қайта келу үшін шешуші әрі маңызды қадам жасайтыны айтылды.

Ел үкіметі сонымен бірге Берндегі баспасөз мәс­ли­­хатында Швейцарияда жиындардың көлеміне еш­қандай шектеулер болмайтынын мәлімдеді, ал ірі іс-шаралар үшін бұдан былай рұқсат алудың қажеті жоқ.

egemen.kz
18 ақпан 2022 ж. 419 0