Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «несие алып беремін» деген алаяқ ұсталды

Қызылордада «несие алып беремін» деген алаяқ ұсталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды.
Тұрғынның айтуынша, белгісіз біреу «қайтарымсыз несие алып беремін» деп сеніміне кіріп, 672 000 теңге көлемінде ақшасын аудартып алған. Осы күнге дейін аталмыш адам уәде етілген несиені де ақшаны да қайтармаған. Қазіргі таңда алаяқ қолға түсті.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

kyzylorda-news.kz
21 ақпан 2022 ж. 694 0