Қызылордада төрт адамды алдаған алаяқ ұсталды

Күдікті жәбірленушілерден жұмыс ақысы үшін 60 мың және 200 мың теңге аралығында қаражатын алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген құжаттары да болмаған, не қаражаттарын кері қайтармаған.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 39 жастағы қала тұрғынын ұстады.
«Белгілі болғандай, күдіктінің бірнеше жайтқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 450 мың теңге. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3,4-бөлігі (Алаяқтық – екі немесе одан да көп адамға қатысты; бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
kyzylorda-news.kz