Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

25 ақпанда елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қар жауып жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз солтүстігінде – көктайғақ, батысында, оңтүстігінде – тұман, солтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, күндіз облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстік-батысында тұман, солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, жел 18 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ болады. Қостанай облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Маңғыстау, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

kyzylorda-news.kz
25 ақпан 2022 ж. 352 0