Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрек ауруынан хабар беретін 10 белгі

Жүрек ауруынан хабар беретін 10 белгі

Адамның ағзасы көптеген үлкен мәселелердің алдын-алу үшін кішігірім белгілер беріп отырады екен. Бастысы ол белгілерді назардан тыс қалдырмау керек. Әсіресе егде жастағы қарттар, сондай-ақ артық салмағы бар, қант диабеті және гипертониямен ауыратындар немесе холестерині жоғары адамдар денсаулығына салғырт қарамаған жөн.

Шыны керек көбіне жүрек ауырып сыр бергенде мән бермей жатамыз. Алайда сіз байқай бермейтін жүрек ауруының 10 белгісінің тізімі төмендегідей.

1. Кеуденің ауырсынуы. Мамандардың пікірінше кеуденің ауырсынуы ең көп таралған болып саналады. Оны нақты сипаттау мүмкін емес. Себебі кейбір адамда кеуде тұсы аздап ауырса, басқаларында шымшу немесе жаншып ауыратын кездер болады. Егер мұндай сезімдер пайда болса, онда жүректің ультрадыбысын немесе кардиограмма жасату керек. Бірнеше минуттан астам уақытқа созылған қатты ауырсыну кезінде жедел-жәрдем қызметіне жүгінген жөн.

2. Тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, асқазанның ауруы немесе ауырлық сезімі. Әрине, жүрекке ешқандай қатысы жоқ көптеген себептерге байланысты ас қорыту жұмысы бұзылуы мүмкін. Соның бірі ешқандай себепсіз жүрек айну немесе кеудедегі ыңғайсыздық белгілері байқалса, дәрігерге барған дұрыс. Себебі қан ағымының төмен болуы – жүрек қызметінің нашарлығының белгісі.

3. Тістің немесе төменгі жақтың ауруы.
Тістегі кариес, иектің ауырсынуы суық тигеннен мазалап ауырады. Алайда төменгі жақ пен тістердегі ауырсыну жүрек ауруының белгілері болып табылады. Ауыз қуысындағы бактерия қанға еніп, тамырларда қабыну тудыруы мүмкін. Бұл өз кезегінде жүрек ауруына әкеліп соғады. Ешқандай себепсіз тістеріңіз үнемі мазаласа кардиологқа көрінген жөн.

4. Қол мен аяқтың ауруы. Сол жақ иығыңыз, немесе бірден екі қолыңызда ауырсыну байқалса, бұл жүрек ауруының айқын емес белгілерінің бірі. Егер жақын арада дененің бұл бөліктерінде соққы немесе зақым алмасаңыз, маманға көрінген абзал. Себебі аяқ артерияларының ауырсынуы перифериялық тамыр ауруының белгісі. Яғни аяқтың тамырларында проблема болса, жүректі тексерту керек.

5. Тершеңдік. Денеде қанға адреналиннің жеткілікті мөлшерін жіберіп, жүрек соғуын тездетеді, ал тамырлар үш есе күшпен жұмыс істейді, осыған байланысты қатты терлеу басталуы мүмкін. Бұл өз алдына қорқынышты емес. Бірақ онымен бірге айқын әлсіздікпен ауырсыну болса дәрігерге көрінген дұрыс. Себепсіз терлеу жүрек ырғағының бұзылуы туралы сигнал.

6. Шаршау – бұл жалпы көп ауруда кездесетін белгі. Шамадан тыс шаршау миокард инфарктісі сияқты жүрек ауруының белгісі болып саналады. Егер қимыл қозғалыс кезінде тез шаршасаңыз, және бұл жағдай бірнеше күн бойы жалғасса, онда кардиологке көрінген жөн. Себебі әлсіреген жүрек толық қан айналымын қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде ағзада қоректік заттар мен оттегінің жетіспеушілігі сезіле бастайды.

7. Естен тану немесе көздің қарауытуы. Көздің қарауытуы, көру өткірлігінің төмендеуі түрлі себептерге байланысты болады. Жалпы себеп, әдетте, қан қысымның кенеттен төмендеуі, миға оттегінің жетіспеушілігіне әкеледі. Сондай-ақ, естен тану және жүрек бұлшықетінің немесе жүрек клапандарының бұзылу салдарынан болуы мүмкін.

8. Қатты қорылдау. Кез-келген адам ұйықтап жатып қорылдауы жиі кездесетін құбылыс. Қорылдау шынымен де адам денсаулығы үшін қауіпті. Себебі қорылдаған кезде тыныс алу тоқтап қалу мүмкін. Бұны медицинада апноэ деп атайды. Яғни оттегі жетіспеушілігіне байланысты адам инфаркт пен инсульт сияқты ауруларға душар болады. Сондықтан қорылдауды жәй ғана әдет деп қарамай, уақытылы қаралған дұрыс.

9. Себепсіз ентігу. Тыныс алудың қиындауы қандағы оттегінің аз екендігінің алғашқы белгісі. Көбінесе физикалық белсенділік себеп болады. Оттегінің жетіспеушілігі қан айналымының нашарлауынан, өз кезегінде жүректің бұзылуынан туындауы мүмкін.

10. Ұзақ уақытқа созылған жөтел. Көп жағдайда жөтел суық тигеннен пайда болады. Егер жөтел бірнеше апта ішінде басылмаса, дәрігерге көрінген жөн. Себебі ұзақ уақытқа созылған жөтел аллергияны немесе бронхитті асқындыруы мүмкін. Алайда, кей жағдайда бұл жүрек ауруының белгісі болып табылады. Жүрек жөтелінің белгісі ретінде қызғылт немесе ақшыл шырыштың бөлінуі болып табылады. 

massaget.kz
27 ақпан 2022 ж. 636 0