Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Наурызда қазақстандықтар екі бірдей ресми мейрамды атап өтеді
2022 жылдың наурызында қазақстандықтар мереке күндері мен демалыстарды қосқанда 12 күн демалады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Алдағы айда қазақстандықтар екі бірдей ресми мейрам – 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз - Наурыз мерекесін атап өтеді.

Халықаралық әйелдер күні қазақстандықтар 6,7 және 8 наурызда демалады.

8 наурыз биыл сейсенбі күнге түсіп тұрғандықтан 5 наурыз жұмыс күні болып саналады. Ал 7 наурыз демалыс күні болады.

Наурыз мейрамы биыл 21-23 наурыз аралығында тойланады. Сонымен қатар 19 және 20 наурыз сенбі мен жексенбі күндеріне түсіп тұр. Осылайша Наурыз мейрамында қазақстандықтар қатарынан бес күн - 19, 20, 21, 22, 23 наурызда демалады.

Естеріңізге сала кетейік, үкімет сенбі күніне түсетін 2022 жылдың 5 наурызын дүйсенбі 7 наурыздағы жұмыс күніне ауыстырды.

28 ақпан 2022 ж. 605 0