Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырда есептегі 23 адамға рақымшылық жасалды

Байқоңырда есептегі 23 адамға рақымшылық жасалды

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебіндегі 23 жазасын өтеушіге рақымшылық жасалды.
Оның ішінде 8 сотталған жазаны одан әрі өтеуден босатылса, қалған 15 сотталғанға қатысты негізгі жазалары әртүрлі мерзімдерге қысқартылып, сот қаулылары толықтай заңды күшіне енген.
Қазіргі күнге Байқоңыр қалалық пробация қызметі тарапынан «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жазасын өтеуші сотталғандарға қатысты қолдану толығымен аяқталды.

kyzylorda-news.kz
28 ақпан 2022 ж. 653 0