Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада төтенше жағдай кезінде жазасын өтеуші азамат босап шықты

Қызылордада төтенше жағдай кезінде жазасын өтеуші азамат босап шықты

Қызылорда облысы ҚАЖ департментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде сотталған азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
№2 Қызылорда қалалық сотының қаулысы негізінде сотталған Б. есімді азамат мерзімінен бұрын босап шықты. Ол ҚР Перезидентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының короновирусының таралуын болдырмау мақсатында 15 сәуірге дейін Қызылорда облысына кіруді және шығуды шектейтін карантин енгізілуіне байланысты Қызылорда қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына уақытша орналастырылған.
Бостандыққа шыққан азамат Байқоңыр қаласының тұрғыны болуына байланысты кейіннен туыстарымен және Байқоңыр қаласының пробация қызметінің қызметкерлерімен хабарласып, Байқоңыр қаласының бақылау-өткізу пунктіне ЗК-169/5 мекеме қызметкерлерінің еріп жүруі арқылы жеткізілді. Артынша туыстары мен Байқоңыр қалалық пробация қызметкерлеріне тапсырылған.
Босатылушы сотталғанға маршрут парағы мен еліміздегі болып жатқан төтенше жағдай және шектеулер туралы «Төтенше жағдай туралы» ҚР Заңының 15, 22 /1/ баптары, ҚР ҚК 304 баптары, ҚР Әкімшілік кодексінің 476, 478 баптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР төтенше жағдай кезіндегі «Босатылатын тұлғаға арналған жадынама» берілді.
https://kyzylorda-news.kz/
16 сәуір 2020 ж. 567 0