Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары туралы

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу:
Жұмыс іздеп жүрген адам – бұл жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталығына келіп немесе enbek.kz сайты арқылы тіркелуге мүмкіндігі бар. Бұл Сізге лайықты жұмыс табуға көмектеседі және  3 жұмыс күн ішінде лайықты жұмыс болмаған жағдайда, жұмыссыз мәртебесі беріледі.
Жұмыссыз ретінде тіркелу:
Жұмыссыз мәртебесі бар адамдар жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларына қатыса алады. Атап айтқанда, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді, лайықты жұмысты табуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, алғашқы жұмыс орнына және Ұрпақтар келісімшартына жолдаманы алуға мүмкіндік береді.
Тұрақты жұмыс орнын таңдау:
Жұмыспен қамту орталықтарымен және enbek.kz сайты арқылы Сізге қолайлы жұмыс табуға көмектеседі.

Қоғамдық жұмыстар:
Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын әлеуметтік пайдалы жұмыс.
Мысалы, абаттандыру бойынша жұмысшы, курьер, құжаттанушы және т.б.
         Кімге арналған: барлық жұмыссыздарға;
         Талаптары: кәсіби білімі қажет емес;
Ұйымдастырылатын жұмыс орны жұмыс берушілердің жұмысшылары санының 40%-ынан аспайды.
         Жалақы: 20 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) құрайды (61 260 тг).
        
Әлеуметтік жұмыс орындары
Жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін оларды жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын уақытша жұмыс орны.
         Кімге арналған: барлық жұмыссыздарға
Талаптары: жұмыс беруші анықтайды, еңбек кодексіне сәйкес рәсімделеді.
Ұйымдастырылатын жұмыс орны жұмыс берушілердің жұмысшылары санының 20%-ынан аспайды.
Ұзақтығы: 12 айдан аспайды.
Жалақы: жұмыс беруші анықтайды (жалақының 35% мемлекеттен, 65% жұмыс берушіден), бірақ субсидия көлемі 20 АЕК, яғни 61260 теңгеден аспайды.
Мақсаты: Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және жұмыс берушіге жұмысшының жалақысының төленуіне қолдау көрсету арқылы тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

Жастар практикасы:
Меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы тәжірибе жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыс.
Кімге арналған: 29 жастан аспаған жұмыссыздарға.
Талаптары: алдыңғы 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері.
Ұйымдастырылатын жұмыс орны жұмыс берушілердің жұмысшылары санының 20%-ынан аспайды.
Ұзақтығы: 12 айдан аспайды.
Жалақы: 30 АЕК (91860 тг.)

Алғашқы жұмыс орны:
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін жастарды тұрақты жұмысқа (кемінде 12 ай мерзімге) орналастыру шартымен ұйымдастырылады.
Кімге арналған: 29 жастан аспаған жастарға
Талаптары: алған мамандық немесе ұқсас мамандық бойынша құрылады, жұмыс тәжірибесі мен зейнетақы жарналарының болмауы міндетті.
Ұйымдастырылатын жұмыс орны жұмыс берушілердің жұмысшылары санының 20%-ынан аспайды.
Ұзақтығы: 30 айдан кем емес.
Жалақы: субсидиялау 18 ай бойы, айына 30 АЕК-ті (91860 тг) құрайды, келесі 12 айда жұмыс беруші төлейді.
Ұрпақтар келісім шарты:
Жұмыс істейтін зейнеткерлік жасқа жақындаған қызметкерлерден жинақталған тәжірибемен дағдыларды беру үшін арнайы құрылған жұмыс орны.
6 ай өткеннен кейін жұмыссызға кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі не ол зейнеткерлік жасқа толған қызметкерді алмастырады.
Кімге арналған: оқу аяқтағанына 2 жыл толмаған 29 жасқа дейінгі жұмыссыздар.
Талаптары: алған мамандығы немесе  ұқсас мамандық бойынша құрылады, үміткер колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері болуы талап етіледі.
Ұйымдастырылатын жұмыс орны жұмыс берушілердің жұмысшылары санының 20%-ынан аспайды.
Ұзақтығы: 18 айдан кем емес.
Жалақы: субсидиялау 6 ай бойы айына 30 АЕК (91860 тг) құрайды, келесі 12 айда жұмыс беруші төлейді.
Жұмысынан айрылған жағдайдағы төленетін әлеуметтік төлем:
    Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар тіркелген жұмыссыздар үміткер бола алады.
    Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ұзақтығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты
1 айдан 6 айға дейін болуы мүмкін.
Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
06 наурыз 2022 ж. 1 100 0