Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы

Дүйсенбіге арналған ауа райы

Қазгидромет 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР территориясының басым бөлігінде жаңбыр мен қар араласып жауады, елдің оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады, желдің күшеюі, көктайғақ күтіледі. Солтүстікте жаяу бұрқасын, ал оңтүстікте найзағай жарқылдайды.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28, орталығында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында кей уақыттарда жылдамдығы 30 м/с жетеді, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігі мен орталығында тұман, көктайғақ.
Павлодар облысында желдің 15-20, оңтүстігі мен батысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейіп, батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасындатып, көктайғақ болады.
Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді, батысы, солтүстігі мен орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Ақмола облысында желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде тұман болады.
Алматы облысының солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, оңтүстігі мен шығысында желдің 17-22 м/с күшеюі мүмкін.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, тау асуларында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, түнде оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысы мен шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, түнде – көктайғақ.
Ақтөбе облысының шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін, батысы мен солтүстік-батысында жаяу бұрқасынмен бірге тұман болады.
Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23 м/с жетеді, батысында жаяу бұрқасын болады, тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 25 м/с жетуі ықтимал. Шығысында жаяу бұрқасын, тұман.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 25 м/с күшейеді, солтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ, күндіз оңтүстігінде найзағай жарқылдайды.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз желдің жылдамдығы 23 м/с жетуі ықтимал.
07 наурыз 2022 ж. 346 0