Наурыз мейрамында қазақстандықтар неше күн демалады?

Наурыз мейрамы кезінде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады - 2022 жылдың 19, 20, 21, 22, 23 наурызында.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндерге сенбі 19 наурыз жұмыс күні, одан кейін 4 күн - 2022 жылдың 20, 21, 22, 23 наурызы демалыс.
Айта кетейік, биыл қазақстандықтар жалпы 245 күн жұмыс істеп, 120 күн демалады.