Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр БАҚ туралы заңнамада не қаралатынын айтты

Министр БАҚ туралы заңнамада не қаралатынын айтты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Мемлекет басшының тапсырмасы бойынша БАҚ туралы заңың қайта қаралуы туралы пікір білдірді.

Ең алдымен оны қоғаммен талқылаймыз. Кейін сарапшылармен жұмыс жүргіземіз. Қысқа мерзімде дайындауға тырысамыз. Бірақ қысқа болсада нұсқа болуы тиіс . Және ең бастысы сапасына мән беріледі. Бүгінгі таңда БАҚ өкілдерінің заңнамалық өзгерістерінде қоғамға және мемлекетке, әрине оның ішінде тілшілерге қажетті мәселелер қаралатын болады. Қазірдің өзінде жаңа заңнамаға журналистер қауымы мен сарапшылар тарапынан ұсыныстар бар. Бәрі талқыға салынады, -деді Асқар Умаров.

Ведомства басшысының айтуынша, БАҚ өкілдеріне қандай заңнама жетіспейтінін журналистік қауымдастық білуі қажет.

Негізі қазіргі таңда жаңа БАҚ туралы заңнама әзірлеп біраз журналистер тарапынан қойылған бірқатар мәселені көтереміз. Сол арқылы заңнамада не жетіспейтінін анықтап, сарапқа саламыз, -деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров.

baq.kz
18 наурыз 2022 ж. 420 0