Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа министр: Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері аз

Жаңа министр: Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері аз

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жәрдемақыға қатысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жаңа министрдің айтуынша қазіргі көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері аз.

"Біздің негізгі мақсат - экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету. Халықтың қалтасы үнемі қалың болуы керек. Біз сол үшін жұмыс істейміз. Сондай-ақ қазіргі кездегі көлеңкелі экономиканы төмендеп, реттеу мақсатында салық кодексіне жаңа өзгерістер енгізілетін болады", деді министр.
Кейін журналистер жаңа министрден көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыға қатысты министрдің пікірін сұрады.

"Қазіргі таңда есептеулер жүргізілуде. Арнайы топ жұмыс істейтін болады. Жақын арада жәрдемақының мөлшері жария етілетін болады. Ал жәрдемақының қазіргі мөлшері жеткіліксіз деп есептеймін", деп пікір білдірді Руслан Дәленов.
www.qamshy.kz
26 ақпан 2019 ж. 1 002 0