Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы бойынша вирусты жұқпалар мен тұмау ауруының тіркелу деңгейі

Арал ауданы бойынша вирусты жұқпалар мен тұмау ауруының тіркелу деңгейі

Арал ауданы бойынша 2022  жылдың қаңтар айынан наурыз айының 18-ші жұлдызы аралығында аудан тұрғындары арасында жедел респираторлық вирусты жұқпалардың 451 жағдайы тіркеліп, оның 243-ы 14 жасқа дейінгі балалар үлесінде болса, 22 жағдайы жасөспірімдер арасында,6-ы екіқабат әйелдер арасында тіркелді. 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы  аурушаңдық көрсеткіші 53,8 пайызды құрады.
Тіркелген жедел респираторлық вирусты жұқпалардың ішінде стационарлық жағдайда емделгені-14, оның ішінде екіқабат әйелдер саны-4 1 жасқа дейінгі бала саны-2.  Тұмау жұқпасы тіркелген жоқ.
Аудан тұрғындары арасында індеттік кезеңде  жедел респираторлық вирусты жұқпалардың  балалар мен екіқабат әйелдер арасында тіркелу деңгейінің жоғары болуы ,әсіресе, балалардың ұйымдасқан ұжымдарында, халық көп шоғырланатын орындарда,емдеу-сауықтыру мекемелерінде  осы жұқпаларға қарсы  алдын алу шараларын  күшейтуді қажет етеді .
Балалар мен жүкті әйелдерді емдеу тек дәрігердің тағайындауы бойынша және дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Тұмаудың алғашқы белгілері байқалған соң, дәрігерді үйге шақырған жөн. Тұмауға қарсы вакцинациялау-халықты тұмаудан қорғайтын тиімді іс-шара болып табылады. Тұмауға қарсы егілгендерде инфекция жеңіл өтеді, асқынулар мен өлім-жітім жиілігі азаяды. Қазақстанда жыл сайын тұмауға қарсы егілушілер саны өсіп отыр. Егілгендер арасында вакцинадан кейінгі асқынулар байқалмады. Тұмаудан сақтану үшін онымен сырқаттанушылар көбейген кезде халық көп жиналған орындарда болмауға, салқын тигізіп алмауға тырысу қажет және ауа райына сәйкес киіну керек. Сол сияқты, таза ауада серуендер алдында немесе көшеге шығар кезде мұрныңызға оксалин майын жағып алсаңыз, тұмау немесе басқа ЖРВИ вирустарының тыныс жолдарына енуі күрт төмендейді. Адамдар көп шоғыраланатын жерлерде бетперде киіп жүру, жеке бас тазалық шараларын сақтау, ұйымдасқан ұжымдарда сүзгі жұмысын тиімді пайдаланып, балалар мен ересектер денсаулығын тексеріп отыру, желдету,жылу,залалсыздандыру шараларын өз мәнінде жүргізу аталмыш жұқпалардың кең таралып кетуіне жол бермейді.

А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы                                 
24 наурыз 2022 ж. 606 0