Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспасөз мәслихатын өткізді

Баспасөз мәслихатын өткізді

ҚР Президентінің биыл 1 қыркүйектегі Жолдауында халықтың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында халық денсаулығына аса зор мән берілген. Баршаңызға белгілі, коронавирус індетінің әлемді әбігерге салғанына екі жылға жуықтады. Коронавирус инфекциясынан қалыптасып отырған эпидемиологиялық ахуалдың күрт төмендеуі осы індетпен күресу шараларын одан әрі күшейтуді қажет етіп отыр. Өткен 2020 жылға қарағанда 2021 жылы ауру деңгейі 5-6 есеге өсіп  кетті, өлім-жітім де азаяр емес.
Аудандағы ахуалға орай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Ақзия Сатекеева аудандық "Толқын" газетінің бас редакторы Абай Елешовпен брифинг өткізді. Баспасөз мәслихаты барысында басқарма басшысы:
– 2020 жылы көбінесе ересектер ғана ауырып, балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық  сирек тіркелсе, биыл балалар мен жасөспірімдер арасында, жүкті әйелдер арасында да жиі тіркелуде. Облыс деңгейінде  2021 жылы  2311 бала коронавирус инфекциясымен ауырса, 4 жүкті әйел аурудың асқынуынан сәбилерімен бірге қайтыс болды. Бұл өте өкінішті жағдай. Ал ауданда былтыр 4 бала мен 1 жасөспірім ғана симптомсыз түрімен  тіркелсе, биыл алғашқы он айда 112 бала мен 24 жасөспірім ауырды. Көбісінде  айқын клиникалық белгілері байқалды. Оның ішінде 83-і оқушылар арасында анықталып отыр. Коронавирус инфекциясының  27 жағдайында  оқушы оффлайн форматта, 56 оқушы онлайн форматта оқиды. Сонымен қатар мектеп  қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясымен тіркелген 32 жағдайдың 24–і мұғалімдер үлесінде, – дейді. Мұнан бөлек "Көптеген мемлекеттер коронавирус індетінен қорғанудың тиімді әрі сенімді жолы ретінде вакцина ектіру екенін айқын түсініп, өз халқының 70-80 пайызын коронавируске қарсы егумен қамтуға асығуда. Қытай Халық Республикасы ересектерді  және  12-18 жас арасындағы балалар мен жасөспірімдерді егумен толық қамтып, бүгінгі таңда 3-11 жас арасындағы балаларға егу шараларын жасауда. АҚШ, Евроодақ елдері ересектерді  толық егіп, балалар мен жасөспірімдерге егу шараларын жүргізуде. Көршілес Өзбекстан Республикасы ересектерін егіп болып, қыркүйек айынан бастап балалар мен жасөспірімдерді егуде" деген Ақзия Сатекеева елімізде де коронавирус инфекциясына қарсы егу шарасы қарқынды жүргізіліп келеді дейді. Қазіргі таңда аудан тұрғындарын коронавирусқа қарсы егу аудан бойынша коронавирус инфекциясына қарсы егу шарасына 34961 адам жоспарланып, 1-ші турмен  29371 адам егілгенін, айтты. Бұл жоспардың 84%-ға орындалғанын көрсетіп тұр. Ал екінші турымен жоспарланған халықтың  екінші турмен  67,5%-ы қамтылған.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20 қазан 2021 жылғы №46  «Қазақстан  Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қаулысына сәйкес қараша айының орта шенінен бастап балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерді коронавируске қарсы егу жоспарлануда екенін де айтып, АҚШ-тың алдыңғы қатарлы «Пфайзер» компаниясында жасалған «Комирнати» вакцинасы сатып алынғанын жеткізді.
– Қолданысқа енгізілгенше бұл вакцина ерікті түрде ата-аналары келісім берген балалар мен жасөспірімдерге, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге егіліп, толық сынақтан өткізіліп, өзінің 100 пайыз тиімділігін көрсет Әлем бойынша коронавируске қарсы егілетін вакциналар арасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатын алған жеті вакцинаның бірі. Бұл вакцинаны әлемнің 94 мемлекетінде егу шарасына қолданылған, – дейді Ақзия Сатекеева.
"Толқын" ақпарат
17 қараша 2021 ж. 404 0