Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік ұрлаған тұрғын қолға түсті

Көлік ұрлаған тұрғын қолға түсті

Қызылорда қаласының 71 жастағы тұрғыны полицейлерге көпқабатты үйдің ауласында тұрған көлігін ұрлап кеткенін айтып арызданған.
Онда көпқабатты үйдің ауласында тұрған «Сhevrolet Nexia» көлігінің ұрланғаны айтылған. Келген материалдық шығын – 3,8 миллион теңге.
«Бұл бойынша барлық криминалды полиция бөлімінің қызметкерлеріне ұрланған автокөлік бойынша бағыт-бағдар берілді. Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлері қала аумағында орналасқан мектептің жанынан мемлекеттік белгісі жоқ күдікті көлікті тоқтатқан еді. Тексеру барысында бұл әлгі ұрланған «Сhevrolet Nexia» көлігі екені анықталды. Күдікті ретінде облыстың 27 жастағы тұрғыны ұсталды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Ведомство мәліметінше, бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Онда автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу жағдайы көрсетілген.

syrboyi.kz
28 наурыз 2022 ж. 602 0