Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан паспортымен визасыз қайда баруға болады

Қазақстан паспортымен визасыз қайда баруға болады

Паспорт күші бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 2022 жылы 91 елдің ішінде 53-орынды иеленді. Ел индексі 82. Индекс неғұрлым жоғары болса, елдің паспорты соғұрлым күшті деп саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индексті есептеу кезінде паспорттардың ұтқырлығы (MS) бағаланады, визасыз режим (VF), келу визасы (VOA), eTA және eVisa (егер үш күн ішінде берілсе) және адамның даму индексі кіреді.

Ranking.kz. деректер бойынша рейтингке Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 193 ел, сондай-ақ алты аумақ - Қытай Республикасы, Тайвань, Макао (Қытай ОАР), Гонконг (Қытай ОАР), Косово, Палестина аумағы және Ватикан қатысты.

«Қазақстандық паспорты бар азаматтар 34 елге визасыз бара алады және тағы 48 елге келгеннен кейін виза ала алады. Қазақстандықтар 116 елге тек тиісті визамен кіре алады», делінген зерттеуде.

Әлемдегі ең күшті төлқұжат БАӘ азаматтарында. Олар үшін 110 елде визасыз режим әрекет етеді, тағы 53 елде визаны келу арқылы алуға болады.
01 сәуір 2022 ж. 779 0