Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы мектептер 17 маусымға дейін жұмыс істейді

Жазғы мектептер 17 маусымға дейін жұмыс істейді

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова жазғы мектептердің қалай жұмыс істейтінін айтты. 

Оның айтуынша, оқу жылы дәстүр бойынша 25 мамырда аяқталады. Осыдан кейін 9 және 11-сынып оқушылары емтихан тапсыра бастайды. Ал қалған сынып оқушылары 17 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектепке бара алады. Мұндай бұйрыққа Білім және ғылым министрі қол қойды.
Жазғы мектеп – біліміңізді жетілдіруге және олқылықтарды толтыруға тамаша мүмкіндік. Пандемия білімге жақсы әсер етпегенін, ал мектеп оқушылары білімге ынтасын жоғалтқанын білеміз. Кейбір елдерде бұл мәселені шешу үшін оқу жылын ұзартады. Оқу жылын ұзартпай, жазғы мектеп ұйымдастырдық. Біз барлық оқушыны жазғы мектепке баруға шақырамыз, – дейді Гүлмира Кәрімова.
Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы жазғы мектептің әдеттегі сабақ форматында өтпейтінін айтты.
Оның орнына балаларға ыңғайлы болу үшін математика, ағылшын тілі, физика және тағы басқа негізгі пәндер бойынша икемді оқу кестесі ұйымдастырылады. Сабақтар музейлер мен экскурсияларға бару түрінде өтеді. Жазғы мектепте баға қойылмайды және үй тапсырмасы болмайды. Жазғы уақытта оқу мүмкіндігінше қызық әрі мазмұнды өтуге мүмкіндік жасалады. Кейбір балалар репетиторлармен ақылы курстарға барып, қосымша білім алса, жазғы мектепте балалар  білімін шыңдап, олқылықтың орнын толтыра алады. Оның үстіне мұғалімдерге оқушыларының әлсіз жағын түзеуге жақсы мүмкіндік, –  дейді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы.

kyzylorda-news.kz​​​
05 сәуір 2022 ж. 645 0