Мектепке жұмысқа тұру – 850 мың теңге. Қызылордада алаяқ ұсталды

Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу мәселесі шешімін таппағандықтан жәбірленуші әйел полицияға арыздануға мәжбүр болды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел– іздестіру шараларының нәтижесінде облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
kyzylorda-news.kz