Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатамын

«Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтқым келеді. сондай-ақ партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.
kyzylorda-news.kz