Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 қазанда интернетте бүкіләлемдік ақау орын алуы мүмкін

11 қазанда интернетте бүкіләлемдік ақау орын алуы мүмкін

Домендік атауларды басқару жөніндегі халықаралық корпорацияның (ICANN) криптографиялық кілттерінің ауысуына байланысты 11 қазанда интернетте ақау болуы күтілуде, деп хабарлайды Известия
Бұл ретте мамандар әлемдік желінің жұмысындағы жаһандық проблемалар туындамайтындығын айтып сендіруде. Mobile Research Group компаниясының талдаушысы Эльдар Муртазин НСН эфирінде берген сұхбатында желі пайдаланушылары 48 сағат ішінде аздаған қиындықтарды байқауы мүмкін екендігін атап өтті. Ресурстардың бөліктеріне қолжетімділікте проблемалар туындап, интернет-парақшалар ұзақ жүктелуі мүмкін.
Пайдаланушылардың жарты бөлігі жазбалары жылдам жаңартылмайтын ескі жабдықтардағы провайдерді пайдаланатын болса, желіге қосылуда проблемаларға тап болуы мүмкін.
Бұл ретте жаппай проблемалар туындауы күтілмейді. Кілттерді алмастыру процесін алдын ала тестілеу нәтижелері аздаған проблемаға алып келетінін көрсетті.
Криптографиялық кілттерді ауыстыру рәсімі инфрақұрылым үшін күн сайын туындайтын қауіп-қатерлердің айтарлықтай дамуы нәтижесінде қажет болып отыр.
reactor.inform.kz
11 қазан 2018 ж. 837 0