Біреудің ауласынан 5 млн теңгенің құрылыс заттарын ұрлаған адам ұсталды

Облыс орталығының тұрғыны қалалық Полиция басқармасына меншік үйдің ауласында тұрған құрылыс заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданды. Оның жалпы құны 5 млн теңгені құрайды.
«Полиция қызметкерлері оған күдікті ретінде 45 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, Қызылорда тұрғыны несие әперем деп танысының 5,6 млн теңгесін қалтасына басты.