Қызылордада 5 млн. теңгенің құрылыс заттарын ұрлаған күдікті ұсталды
16 сәуір күні Қызылорда қаласының тұрғыны Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп, меншік үйдің ауласында тұрған жалпы құны 5 миллион теңге тұратын құрылыс заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде арыз берген болатын.
Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында тәртіп сақшылары 45 жастағы қала тұрғынын анықтап, оны қолға түсірді.
Аталған дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің кодексінің188-бабы 3-бөлігінің 1 – 3 тармағымен (Ұрлық яғни, ірi мөлшерде, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
kyzylorda-news.kz