Қызылордада бірнеше көлікке ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Тергеу барысында анықталғаны, күдікті автокөліктердің ашық қалған артқы есігін пайдаланып, автокөлік иелеріне тиесілі заттарды қолды еткен. Қазіргі таңда шығындары есептелуде.
Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
kyzylorda-news.kz