Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада дүкеннен 500 мың теңге ұрлаған тұрғын ұсталды

Қызылордада дүкеннен 500 мың теңге ұрлаған тұрғын ұсталды

Оқиға 19 маусым күні қала орталығында орын алған. Белгісіз біреу дүкеннің терезесін сындырып, сейфтен ақша жымқырған. Жәбірленушіге 500 мыңнан астам теңге залал келтірген.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-баптың 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

kyzylorda-news.kz
22 маусым 2021 ж. 414 0