Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры тағайындалды

«Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры тағайындалды

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекованың бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 4 мамырынан бастап Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры лауазымына Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы тағайындалды.

Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы 1975 жылдың 1 шілдесінде Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген.

Мемлекеттік қызметті 2000 жылдың 1 желтоқсанда Қызылорда облысы әкімінің аппараты діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің хатшысы, бас маман ретінде бастаған.

2003-2011 ж.ж. облыс әкімі аппараты Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық хатшылығының бас маманы, бас инспекторы қызметін атқаруымен қатар, қосымша облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің хатшысы, облыс әкімі аппаратының дін мәселелері бойынша жауапты қызметкері болған. 2011 жылдың 5 мамыр мен 11 қараша аралығында ҚР Мәдениет министрлігі Діни істер комитеті Қызылорда облысының діни істер департаментінің директоры, 2011-2013 ж.ж. ҚР дін істері агенттігінің Қызылорда облысының дін істері департаменітінің директоры, 01.07.2013-09.06.2014 ж.ж. Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры қызметін атқарып келеді.

Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы – Сыр өңіріндегі конфессияаралық келісімді орнықтырушы тұлғалардың бірі. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуші ретінде еңбек жолын сонау 2000 жылы бастаған Б.Камалов бүгінде облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығын абыроймен басқарып келеді. Аймақта 7 конфессияға жататын 189 діни ұйымдардын өкілдері арасында рухани келісімді орнықтыру жолында қызмет етіп келді.

Сондай-ақ, аймақтағы конфессияаралық тұрақтылықты сақтауға, діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға және жергілікті тұрғындар арасында насихаттауға, деструктивті діни ағымдардан жаппа шеккен азматтарды қоғам мен дәстүрлі ұстанымға қайта бейімдеу, оңалту бағытында ерең еңбек етуде.

Елеулі еңбегі үшін Б.Камалов 2009ж «Қызылорда облысына 70-жыл» мерекелік медалімен, 2011 ж «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, 2014 ж Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, 2015 ж «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, 2015 ж «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, 2016 ж «Қазақстан Республикасы Прокуратурасына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

kyzylorda-news.kz
04 мамыр 2022 ж. 656 0