Қалалық мәслихаттың аппарат басшысы тағайындалды

Жанмұрат Жақсымұратұлы, 1985 жылы 29 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Жоғары білімді: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде тарих, құқық және экономика негіздері және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы қызметінен бастаған.
2008-2011 жж. Қызылорда облысы, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;
2011-2013 жж. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы;
2013-2017 жж. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы-қала әкімі орынбасарының көмекшісі, қала әкімінің көмекшісі;
2017 жылдан осы кезге дейін, Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.