Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда абайсызда каналға құлап кеткен сәби көз жұмды

Қазалыда абайсызда каналға құлап кеткен сәби көз жұмды

Қазалы ауданында абайсызда каналға құлаған 5 жасар сәби көз жұмды.
Оқыс оқиға 4 мамыр сағат 22:15 шамасында аудан орталығы Әйтеке би кентінде болған.
Үлкендердің қарауынсыз қалған 2017 жылғы сәби «Ақарық» каналына абайсызда құлап кеткен. Сәби оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сәбидің денесін судан жергілікті тұрғындар шығарып алған. Каналдың ені – 3, тереңдігі – 1 метр.

kyzylorda-news.kz
05 мамыр 2022 ж. 424 0